Ақмола облысында футбол жарысы кезінде ер адам қайтыс болды

54

Munarmedia.kz.03.09.2026.ASTANA- Ақмола облысының Атбасар қаласында өңірлік футбол жарысы кезінде Астанадан келген 58 жастағы ер адам көз жұмды.

Оқиға командалық кездесу барысында болған. Ойын кезінде футболшының жағдайы күрт нашарлаған. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Полиция қайғылы жағдайға қатысты мәліметтің тіркелгенін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ақаулар себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша өлімнің нақты себебі белгілі болады.

#Munarmedia #АқмолаОблысы #Атбасар #Астана #Футбол #Спорт #ҚайғылыОқиға #Жаңалық