Munarmedia.kz 20.01.2025 /Астана/-Қайғылы оқиға Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде орналасқан, «Қазақалтын» компаниясына тиесілі «Новая» шахтасында орын алды.
Кеше кешке марқұмның денесі 600 метрден астам тереңдіктен жер бетіне шығарылған. Қаза тапқан азамат — Степногорск қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны екені анықталды.
Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, 1991 жылы туған ер адам шахта аумағына заңсыз кірген.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (қорғалатын аумаққа заңсыз кіру салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.