Ақмола облысында жасөспірім қыз қаза тапты

62

Munarmedia.kz 16.11.2025 / Астана/- Ақмола облысына қарасты Ынтымақ ауылында ауыр жағдай орын алды. 14 жастағы қыз бала пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиғадан кейін қашып кетпек болған күдікті көп ұзамай полиция тарапынан ұсталды.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Munarmedia.kz алдағы уақытта істің барысына қатысты қосымша ақпарат ұсынады.