Ақмола облысының Целиноград ауданында қардан тазаланбаған көшелерінде адам жүре алмай қалды

23

Munarmedia.kz 18.03.2026 /Astana/ – Ақмола облысының астанамаңындағы Целиноград аудан орталығында көшелер қардан уақытылы тазаланбағандықтан, жеңіл көліктер жолда тұрып қалып жатыр. Тұрғындар жергілікті биліктен нақты шаралар қабылдауды талап етуде.

Жергілікті халықтың айтуынша, биыл қар тазалау жұмыстары өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда нашар ұйымдастырылған.

Жол жиегіндегі қалың қар үйінділері жолдың жүру бөлігін едәуір тарылтқан, ал тротуарлардың көп бөлігі мүлде тазаланбаған.

Ал Косшы қаласында жағдай одан да күрделі. Бірнеше күндік жылымықтан кейін тазаланбаған қар еріп, жағдайды ушықтырған.

Облыстық маңызы бар қаладағы көптеген көшелерде нөсерлік кәріз жүйесі жоқтың қасы. Соның салдарынан жолдарды су басқан.

Қала ішінде қозғалыс көлік жүргізушілері үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де айтарлықтай қиындаған.