Munarmedia.kz 28.01.2026 /Астана/ -. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмысты ұйымдастырған негізгі тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылса, оның екі сыбайласына 2 жыл 8 айдан жаза тағайындалды. Заңсыз аңшылық кезінде пайдаланылған автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді.
Аталған үкім — Зеренді ауданында биыл «Заңсыз аң аулау» бабы бойынша шығарылған екінші сот шешімі. Бұл дерек өңірде табиғатты қорғау талаптарын бұзу фактілерінің әлі де өзекті болып отырғанын көрсетеді.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін өңірде 400-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 8,5 миллион теңгені құраған.
Мамандардың айтуынша, мұндай қатаң шаралар ұлттық парктер мен сирек кездесетін жануарлар дүниесін қорғауға, сондай-ақ браконьерлікке қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Құзырлы органдар заң талаптарын бұзған азаматтарға жазаның бұлжымай қолданылатынын ескертеді.