Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ақмолада автобус аударылып қалды

30

Ақмола облысының ПД ақпаратына сәйкес 2025 жылғы 18 сәуірде Ерейментау ауылының маңындағы Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 154 шақырымында «Мерседес» маркалы шағын автобустың жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде көлігін басқара алмай автокөліктің аударылуына жол берген. Көліктің ішінде 16 бала мен жаттықтырушы болған (Павлодардан Астанаға футболдан жарысқа бара жатқан, балалардың жасы 14-тен 16 жасқа дейін).
 
Жол-көлік оқиғасы орнында команданың жаттықтырушысы қаза тапты. Балалар Ерейментау аудандық ауруханасының бөлімшесіне жеткізіліп, тексерілді және орналастырылды.
 
Жеке спорт мектебінің басшылары жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаментіне кәмелетке толмаған балалардың жарысқа баруы туралы хабарламаған, осыған байланысты полиция көлігі еріп жүрмеген. Футбол клубының тәрбиеленушілері Астанаға жалға алынған жеке көлікпен шыққан. Балалардың ата-аналары ортақ ватсапп чат арқылы келісімдерін берген.
 
Оқиға орнына облыстың спорт басқармасының басшысы, облыстың құқық қорғау органдарының өкілдері барды. Барлық балаларды Павлодарға жеткізу үшін көлік ұйымдастырылды, алайда ата-аналарының шешімімен балаларды өздері алып кетті.
 
Қазіргі уақытта барлық балалар тексерілді, 16 баланың 12-сі ата-аналарына берілді және Павлодарға келді, 4 бала әлі стационарда және ата-аналарын күтуде.