Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қоянды
ауылының тұрғыны Алуаи Бақыт біздің «Munarmedia.kz» ақпарат агенттігіне хабарласты.
Munarmedia.kz- Бақыт ағамыздың айтуынша, 2016 жылы Қоянды ауылында
195 заңсыз жерді басып алып, үй салып алушылар
күрт көбейіп, ауылды дамытуға арналған
бас жоспарға сай келмейтін құрылыстар жүргізіле бастады. Облыстық әкімдік пен
ауыл тұрғындары арасында келіспеушіліктер орын алып, халқытың наразылығын
туғызған еді. Мемлекет бас жоспарда әр ауылға кіретін жолдар мен су тарту,
жарық тағы инфрақұрылымдарды алдын-ала жоспарлайтыны белгілі. Өкінішке орай,
заңсыз иеленген жерлердің кесірінен қазірдің өзінде көптеген көшелерде жарық,
су, жол салу мүмкін болмай отыр. Осы заңсыздық тоқтату мақсатында сол кездегі
Целиноград ауданының әкімі Малғаждар
Тәткеевпен меморандум жасалып, арнайы қаулы қабылдап 24 гектар жерді менің
атыма рәсімдеді. Себебі жерлерге заңсыз үй салып алушылар санын тоқтау үшін
қажет деді. Яғни жекменшік жер олса ешкімде бас сұға алмайтыны белгілі. Сонымен
қатар меморандумда көрсетілген бес шартты орындауым керек еді. Соның бірі
ауылды көктемгі қар суынан тоқтату үшін тоған салып, қар суын сыртқа шығаруым
керек еді. Бар күш жігер, қаржымды салып ауылды көктемгі қар суынан аман алып
шықтым. Бұл жұмыстарды жүргізуге 120
миллион тенге қаражатым кетті. Аудан әкімі Малғаждар Таткеев келісім –шарт жасап,
« мемлекеттік және жекеменшік серіктестік» бағдарламасы арқылы жұмсаған
қаржыңызды қайтарамыз. Оны комиссия құрып, соның шешімінің нәтижесінде аласыз
деген сөзіне сендім. Алайда, уақытты созбақтап, түрлі сылтау айтып жүріп, аудандлы
2014-2020 жылдар аралығында басқар әкімі
Малғаждар Тәткеев 2020 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып кетті. Ал
әкім жоғарылап кеткен соң аудандық ЖКХ-ға жауапты бөлім басшысы да сотталып,
аудандық комиссия төрағасы да істі болып кетті ме? Әйтеуір әуре-сарсаңға
салынып ақшасыз қалдым. Баспаған тауым, қақпаған есігім жоқ. Ақшаның орнына
заңсыз салынған жеті үйді заңдастырып береміз деп алдағаны аздай, облыстық жер
инспекциясы жерді заңсыз алғансың деп өзімді сотқа беріп әуреге салды. 2023
жылы облыстық жер инпспекциясының бастығы Шучинск қаласына шақыртып, 10 миллион
тенге пара талап етті. Пара берсең сот үстінде сенің үсітңнен берген арызды
қайтарып алам деді. Бар тапқан бес миллионды бергенмен қалғанын май айының
10-күні бер деп талапты орындай алмағаным үшін қайта сотқа берді. Прокуратура
мен ІІБ қызметкерлері қылмыстық құрамы жоқ, істі тоқтатамыз десе, қалайда табыңдар,
соттау керек деп жоғарыдан тапсыра беріпті мыс. Жалдаған адовакатым елге
танымал, қоғам қайраткері ретінде елге танымал азамт. Оның өзі үш миллион тенге
ақшамды алып не қорғаған жоқ, ақшамды алды да кетті дейді Бақыт ағамыз.
Ал ауданның прокуроры жер сатуға мораторий жарияланғанына
қарамастаны жер сатылып жатқанын және ауылдағы электр қуатын сататын компания
ауылдағы әр отбасынан 2 мың тенгеден ай сайын қосымша ақша алып отыруының
заңсыз екенін айтқаным үшін деп соңыма түсіп алды.
Ал аудан басшылығы олсы уақытқа дейін маған алғыс хаттар
беріп, ауданның энциклопедиясына енгізіп алдап келді дейді ақсақал. Әділетті
Қазақстан орнайтынан сенетін адамның бірі едім. Алайда аудандық деңгейдегі өз
басымнан өтіп жатқан әділетсіздікті көріп түңіле бастадым дейді Бақыт ақсақал.
Пайғамбар жасына келгенде істеген жұмысымның ақысын талап еткенім үшін, заңсыз
үй салушылардан мемлекеттің жерін сақтап қалғаным үшін істі болып отырғаным
өкінішті дейді.
Расында Президентіміздің «Әділетті Қазақстан»
бағдарламасы жергілікті жерлерде жүзеге асып жатыр деу қиын. Кішігірім ақ
жағалылар заңды белден басып, әлсізді басынып, ауқаттының бизнесін тартып алу
сынды қаншама заңсыз әрекеттер орын алып жатқанын күнделікті көріп отырмыз.
Бақыт ағамызға қозғалған қылмыстық істің қолдан құрастырып, «біреулердің»
тапсырмасын жүзеге асырылып жатқандығы рас болса біздің қоғамның және билік
арасындағы әділеттік принципі мен мемлекетке және өз қызметіне адалдық таныту
мәселесі түбегейлі жойылған екен деуге болады. Редакция тарапынан Целиноград аудандық прокуратурасы, әкімдікке және облыстық жер инспекциясына ресми сұрау хат жолданатын болады.
Бұл мәселені редакциямыз өз бақылауында ұстайды.