Ресми ақпаратқа қарағанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаев “көлік саласындағы ахуалды сынға алған”.
“Президент шекарадан жүк өткізудің қиындығын, көптеген өткізу бекеттерінің жағдайы нашар екенін, сонымен бірге ірі инфрақұрылымдық-транзиттік жобалардың өз уақытынан кешігіп жатқанын айтты” деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Жиын соңында Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевқа “жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін” сөгіс жариялаған.
Тоқаев “тиісті міндеттерін атқармаған” шенеуніктерге жиі сөгіс береді. Бұған дейін су тасқыны, қазандықтардың істен шығуына байланысты бірқатар шенеуніктер сөгіс алған.
Ақорда Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, көлік министріне сөгіс жариялағанын хабарлады
