Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ 369 қазақстандықты депортацияламақ

orda.kz
77


АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметінің (ICE) 2024 жылғы қарашадағы есебіне сәйкес, 369 Қазақстан азаматы депортацияланатындар қатарында, деп хабарлайды Fox News.

Жаппай депортация толқыны

Барлығы 1 445 549 шетелдік азаматты елден шығару жоспарланған. Көш басында Мексика (252 044 адам), Гватемала (253 413), Гондурас (261 651) және Сальвадор (203 822) азаматтары тұр.

Одан бөлек, тізімде Қытай (37 908 адам) және Орталық Азия елдері де бар:

▪️ Өзбекстан – 975

▪️ Қырғызстан – 319

▪️ Тәжікстан – 149

▪️ Түрікменстан – 40

Қазіргі уақытта депортацияланатын азаматтар қамауда отырмағанымен, олардың елден шығарылатыны туралы шешім шыққан.

КСРО мен Югославиядан келгендер де бар. Құжатта бүгінгі таңда жоқ мемлекеттердің – КСРО мен Югославияның – азаматтары да көрсетілген. Олардың паспортына сәйкес, сол елдердің мұрагері саналатын мемлекеттерге депортацияланады.

Миграциялық саясаттың күшеюі

Бұған дейін АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елді өз еркімен тастап кетуді ұсынған болатын. Сондай-ақ, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі миграциялық саясаттың күшейетіні туралы ескерту жасаған еді.

📷 Фото: Pixabay