Munarmedia.kz 12.03.2026 /Astana/ – АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди есірткі картельдерінен төнген қауіп-қатер мен «Эпштейн құжаттарына» байланысты туындаған шиеленіс аясында жеке резиденциясынан Вашингтон маңындағы күзеті күшейтілген әскери база аумағындағы қауіпсіз тұрғын үйге көшірілді. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.
Басылым мәліметінше, қауіпсіздік шаралары Бондиге қарсы ықтимал қауіптердің күшеюіне байланысты қабылданған. Әсіресе есірткі картельдері тарапынан төнуі мүмкін қатерлер мен «Эпштейн құжаттары» төңірегіндегі қоғамдағы резонанс жағдайды күрделендірген.
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ билігі жоғары лауазымды тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша қорғаныс шараларын іске қосқан.
Әзірге АҚШ Әділет министрлігі бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.