АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстан азаматтары үшін иммиграциялық визаларды рәсімдеуді уақытша тоқтатады

25

Munarmedia.kz 15.01.2026 /Астана/ – АҚШ Мемлекеттік департаменті 21 қаңтардан бастап Қазақстанды қоса алғанда, 75 елдің азаматтары үшін иммиграциялық визаларды өңдеуді уақытша тоқтатады. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, аталған шешім АҚШ қоғамына әлеуметтік немесе экономикалық тұрғыдан салмақ түсіруі мүмкін өтініш берушілердің әрекеттерінің алдын алу мақсатында қабылданған.

Тізімге Қазақстанмен қатар Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдер енгізілген.

Иммиграциялық визаларды өңдеуді тоқтату шарасы 21 қаңтардан бастап күшіне енеді және АҚШ Мемлекеттік департаменті иммиграциялық визаларды қарау тәртібін қайта бағалауды аяқтағанға дейін белгісіз мерзімге жалғасады.