Munarmedia.kz 18.03.2026 /Astana/ – АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио америкалық дипломаттарға Иранға қарсы өзге елдердің бірлескен әрекеттерін қамтамасыз ету тапсырмасын берді.
ABC News мәліметінше, АҚШ ықтимал шабуылдар туралы ескертулер аясында Иранға және оған байланысты топтарға қарсы тұру үшін басқа мемлекеттердің қолдауын жедел түрде алуға тырысуда.
Құжатқа сәйкес, Марко Рубио дипломаттарға өзге ел үкіметтерін «Иранның мүмкіндіктерін жедел түрде шектеуге» шақыруды тапсырған. Бұл нұсқаулық АҚШ-тың барлық дипломатиялық өкілдіктеріне жолданып, аталған ұстанымды 20 наурызға дейін «ең жоғары деңгейде» жеткізу талап етілген.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Иран мен оның одақтастарының әрекеттері аймақтағы тұрақтылықты бұзып, қауіпсіздікке қатер төндіруде. Ал Вашингтонның басты мақсаты – Таяу Шығыста бейбітшілікті қамтамасыз ету.
АҚШ-тың талаптары:
– Ислам революциясы сақшылары корпусы мен Хезболла ұйымдарын террористік деп тану үдерісін жеделдету;
– Иранмен байланысты топтарға қарсы шараларды күшейту;
– дипломатиялық әрекеттерді үйлестіру, қажет болған жағдайда Израильмен бірлесіп жұмыс істеу.
Контекст:
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасаған. Жауап ретінде Тегеран Израильге зымыранмен шабуылдап, Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына соққы берген.