АҚШ пен Израиль Иран соғыстың алғашқы аптасында 6 миллиард доллар шығынға батты

11

Munarmedia.kz 10.03.2026 /Astana/- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясының алғашқы аптасы Вашингтонға шамамен 6 млрд доллар шығын әкелді. Бұл туралы The New York Times газеті жазды.

Басылым мәліметінше, шығындардың негізгі бөлігі оқ-дәрілерге жұмсалған. Әсіресе Иран тарапынан жасалған жауапты зымыран соққыларын тойтару үшін қолданылған зымыран-тосқауылдағыштарға көп қаражат кеткен.

6 млрд долларлық шығыннан бөлек, АҚШ Таяу Шығыстағы әскери базалар инфрақұрылымының қирауы, активтер мен жылжымайтын мүліктің жоғалуы түрінде де қосымша шығындарға ұшыраған.

Хабарланғандай, Иран әскері Ирактағы құны 300 млн доллардан асатын америкалық әуе қорғаныс жүйесін және 1,1 млрд доллар тұратын ерте ескерту жүйесін жойған.

АҚШ пен Израильдің Тегеранға қарсы әскери операциялары ресми түрде соғыс жарияланбастан 28 ақпанға қараған түні басталған.

https://t.me/Munarmedia