АҚШ президенті Дональд Трамп Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Бейбітшілік кеңесін құру туралы ресми түрде жариялап, өз бастамасына басқа елдерді де қосылуға шақырды.

18

Munarmedia.kz 23.01.2026 /Астана/-Ол Кеңесті құру жөніндегі құрылтай құжатына қол қойды. Сыншылардың пікірінше, бұл құжат БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

«Жарғы ресми түрде күшіне енді, ал Бейбітшілік кеңесі енді ресми түрде құрылған халықаралық ұйым болып саналады», – деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт.

Жарғыға қол қою рәсіміне 19 елдің басшылары қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Индонезия және Венгрия мемлекеттерінің басшылары бар.

Дональд Трамп жаңа ұйымның БҰҰ-мен ынтымақтастықта жұмыс істейтінін атап өтті.

Бейбітшілік кеңесіне 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде жарна енгізген елдер тұрақты мүшелікке ие бола алады. Ал өзге мемлекеттер Кеңес құрамына шектеулі мерзімге қабылданады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда Бейбітшілік кеңесіне шамамен 35 ел қосылуға келісім берген. Сонымен қатар, шақырулар 60-қа жуық мемлекеттің көшбасшыларына жолданған.