Munarmedia.kz 18.03.2026 /Astana/ –«Біздің Жапонияда 45 мың, Оңтүстік Кореяда 45 мың және Германияда 50 мың әскери қызметшіміз бар. Біз осы елдердің барлығын қорғаймыз, кейін олардан: “Сіздерде мина тазалайтын кемелер бар ма?” деп сұраймыз. Олар болса: “Ал біз қатыспасақ бола ма?” деп жауап береді», – деді ол.
Сонымен қатар АҚШ президенті Қытайға жоспарланған сапарының кейінге шегерілуін Иранмен байланысты жағдаймен түсіндірді.
«Соғысқа байланысты мен осында болғым келеді. Мен осында болуым керек деп санаймын. Сондықтан біз (Қытайға) сапарды шамамен бір айға кейінге қалдыруды сұрадық», – деді Дональд Трамп.