АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) азаматтарының заңсыз АҚШ аумағында болғандығы және депортацияға жататындығы туралы тізімді жариялады. Құжатта көрсетілгендей, 2024 жылғы 24 қараша жағдай бойынша ICE тізімінде 1,4 миллионнан астам адам депортацияға жататыны көрсетілген.
Олардың ішінде Қазақстаннан — 369, Қырғызстаннан — 319, Тәжікстаннан — 149, Түрікменстаннан — 40, Өзбекстаннан — 975, Моңғолиядан — 461 азамат бар.
Салыстыру үшін, АҚШ-тан депортацияға жататындар арасында Ауғанстаннан — 1708, Пәкістаннан — 7760, Бангладештен — 4837, Әзірбайжаннан — 709, Армениядан — 2808, Түркиядан — 3103, Ресейден — 3518, Украинадан — 1862, Оңтүстік Кореядан — 837, Германиядан — 571, Қытайдан — 37908 адам бар.
Сондай-ақ депортацияға жататындар тізімінде бұрынғы Кеңес Одағы, Югославия және Чехословакия елдерінен 1000-нан астам адам бар. Олардың депортацияға жатуының себебі — олар ескі құжаттармен тұрып, автоматты түрде АҚШ аумағында заңсыз болып есептеледі.