Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ-та Дональд Трампқа қарсы митингілер өтуде

51


📍 ВАШИНГТОН, 21 сәуір 2025 жыл – АҚШ-та мыңдаған адам көшеге шығып, президент Дональд Трампқа қарсы наразылық акцияларын өткізді. Бұл – Трамп әкімшілігіне қарсы екінші ірі толқу.

Наразылар Дональд Трамптың азаматтық еркіндіктер мен заң үстемдігін аяқасты етіп жатқанын, қатаң көші-қон саясатын жүргізіп, жұмыс орындарын қысқартқанын, сондай-ақ ел экономикасына зиян келтіріп отырғанын алға тартты.

Ақ үйдің алдында өткен шеруде халық “ұят” деп айқайлап, наразылық білдірді. Қатысушылардың бірі: “Әкімшіліктің саясаты – заң үстемдігіне тікелей шабуыл, бұл – азаматтарға қатысты озбырлықты болдырмау үшін билікті шектеу қағидатына қайшы келеді”, – деп мәлімдеді.

📷 Фото: Ашық дереккөздерден