Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ақтауда болған әуе апатын тергеуге түрік мамандары тартылды

90


Бұл туралы Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу мәлімдеді. Оның айтуынша, құрамында 8 маман бар түрік сарапшыларының тобы Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Ақтау қаласы маңында орын алған ұшақ апатын тергеуге қатысады.

Министрдің мәлімдеуінше, сарапшылар комиссиясы Әзербайжанның Азаматтық авиация жөніндегі мемлекеттік агенттігінің өтініші бойынша құрылған.

«Біз техникалық және эксплуатациялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті органдармен үйлесе отырып жұмыс істейміз және нәтижелері туралы хабарлаймыз», – деді Уралоғлу.

Министрдің айтуынша, делегация 27 желтоқсан күні кешке Баку қаласына аттанып, ертеңгі күні жұмысқа кіріседі.

«Түркия кез келген жағдайда Әзербайжанға қолдау көрсетеді», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, министр әуе апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі.