Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ақтауда халықаралық теңіз портының президенті ұсталды

60




Ақтауда Халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Түлікпенбаев ұсталды. Бұл туралы журналист Гүлшат Бажкенова хабарлады. Ақпаратты Orda.kz, Kazinform және Yyedilov Online порталдары да растады.

Журналистік дереккөздерге сүйенсек, Түлікпенбаев қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр. Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр. Тергеу контрабандалық мұнай ісіне және елден заңсыз шығарылмақ болған «Мелиана» танкеріне қатысты болуы мүмкін.

Айта кетейік, «Мелиана» танкері 2023 жылы «БатысНефтеТрэйд» компаниясына тиесілі болған және оны ҰҚК арнайы жасағы ұстап қалған. Ол кезде Абай Түлікпенбаев танкерге қатысты пікір білдіруден бас тартып, бұл оқиғаның порт қызметіне қатысы жоқ екенін айтқан еді.

Ақтау порты — Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан маңызды халықаралық сауда нүктесі. Порт арқылы түрлі құрғақ жүк пен шикі мұнай экспортталады. Бұл Қазақстан мұнайының жалғыз теңіз жолы саналады әрі «Жаңа Жібек жолы» жобасының стратегиялық буыны. Сонымен қатар Ақтау порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТМТМ) қатысушысы. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл порт арқылы 900 мың тонна мұнай жөнелтілген.

Қа