▪️ Төлесинов Сандибек Екібайұлы, 1988 жылғы 16 қарашада туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. «МұнайФилдСервис» ЖШС-де жұмыс істеген.
▪️ Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 1985 жылғы 30 қыркүйекте туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. «ӨзенМұнайГаз» ЖШС-де еңбек еткен.
▪️ Мақсұдова Галина Растамбекқызы, 1978 жылғы 12 қаңтарда туған, Ақтау қаласында тұрған. Кәсіпкер, бөлшек саудамен айналысқан.
▪️ Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 1975 жылғы 17 шілдеде туған, Астана қаласының тұрғыны. Нотариус болып жұмыс істеген.
▪️ Гаухар Шаймерденованың ұлы – Жұмағат Елдар, 2013 жылғы 23 тамызда туған, Астана қаласының тұрғыны. Олар анасымен бірге Грозный қаласына отбасылық достарымен Жаңа жылды қарсы алуға бара жатқан. Гаухардың үлкен ұлы Астанада қалған, себебі ол Австралияда оқиды және жақында ғана демалысқа келген.
▪️ Жүтаева Салима Аманжолқызы, 1995 жылғы 21 ақпанда туған. Стоматолог. ҚР ТЖМ мәліметінше, Қарағанды қаласында тұрған. Оның әлеуметтік желідегі жазбаларына сәйкес, Грозный мен Қостанай қалалары арасында тұрған.
Munarmedia.kz редакциясы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.
* Фото: ҚР ТЖМ.