Өңірлік қорғаныс істері департаменті суицид фактісін растады. Ведомствоның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 8 желтоқсанда болған.
Өз-өзіне қол жұмсаған адам — Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (әскери комиссар).
«Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай әскери қызметке байланысты емес», — деп хабарлады облыстық қорғаныс істері департаменті.
Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғалған.
Өкінішке қарай, әскери қызметтегі суицид жағдайлары аз емес. Бұған дейінгі оқиғалар тізбегі де бұл мәселеге назар аударуға мәжбүрлейді.
ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер арасындағы суицидтің негізгі себептерін «отбасылық-тұрмыстық жанжалдармен» байланыстырып түсіндіреді.