Munarmedia.kz 07.10.2025 /Астана/ Ақтөбе облысында қоршаған ортаны ластағаны үшін «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының филиалына 1,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы өңірдің экология департаменті табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде хабарлады.
Тексеру барысында Шалқар ауданындағы Бозой жерасты газ қоймасында компанияның экологиялық рұқсатсыз екі ұңғыма бұрғылағаны анықталған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, атмосфераға зиянды қалдықтар шығару және өндірістік қалдықтарды көму үшін міндетті түрде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат қажет. Мұндай рұқсатсыз жасалған эмиссиялар сверхнормативтік болып саналып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Заң бойынша, рұқсатсыз шығарындылар мен қалдықтарды көму фактілері үшін айыппұл мөлшері — белгіленген қалдық көму төлем ставкасының он мың пайызына дейін жетеді.
Тексеру қорытындысы бойынша компанияға қатысты 4 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1,2 миллиард теңге айыппұл салынған.
Қазіргі таңда кәсіпорынның 20 миллион теңге көлеміндегі бөлігі ерікті түрде төленсе, қалған 1,1 миллиард теңге сома сот арқылы даулауға берілген.
Алайда бірінші және апелляциялық инстанциялар компанияның шағымын қанағаттандырмай, айыппұл туралы шешімді күшінде қалдырды.
Заң талаптарына сәйкес, компания 1 ай ішінде 1,1 миллиард теңге көлеміндегі айыппұлды төлеуі тиіс. Егер бұл мерзімде төлем орындалмаса, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылатын болады.