Армения үкіметі бейсенбі күнгі отырысында елдің Еуроодаққа қосылу процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Интерфакс».
Құжатта Арменияның Еуроодаққа мүше болу процесін бастайтыны туралы айтылған.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян үкімет отырысында елдің Еуроодаққа қосылу шешімі тек бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданатынын мәлімдеді.
«Қазіргі кезеңде, референдум өткізу туралы шешім қабылданғанға дейін, біз Еуроодақпен "жол картасын" талқылап, оны әзірлеуіміз керек», — деді Пашинян.