News & World Report зерттеуінің нәтижесі бойынша, Қазақстан әскер күші бойынша 87 елдің арасында 19-орында, Өзбекстан (18-орын) мен БАӘ (20-орын) арасында. Айта кетейік, Беларусь 12-ші, Әзірбайжан 24-орынға табан тіреді. Әскери күш бойынша елдер рейтингі — елдің қуатын анықтайтын алты атрибуттың бірі.
Ресей әлемдегі ең қуатты армиясы бар ел болып қала береді, одан кейін АҚШ, ал Қытай алғашқы үштікті жапты. Айта кетейік, Израиль 4-орында, ал Украина 6-орында. Олардан бөлек әлемдегі әскері ең мықты 10 елдің қатарына Оңтүстік Корея, Иран, Ұлыбритания, Германия және Түркия кіреді.
Люксембург, Сингапур және Эстонияның қарулы күштері ең әлсіз деп танылды.
Рейтинг 36 елдегі 17,2 мың адам арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалған. Барлық елдер жеке жауаптардың жиынтығы негізінде 73 критерийдің (атрибуттың) әрқайсысы бойынша бағаланды. Рейтингке қай елдер енгізілгені туралы жоғарыда аталған материалда жазған болатынбыз.
Өзбекстан әскери күш бойынша Қазақстаннан тиісінше 0,2 балға алда, Өзбекстанда 16 балл, Қазақстанда 15,8 балл. Сонымен қатар, Қазақстан бұған дейін екі жыл қатарынан әскери күш бойынша көршілес елден алда болды: 2021 жылы — 25,6 балл және 21,5 балл, 2022 жылы — 12,6 балл және 10,8 балл.
Әскері күшті елдердің ішінде АҚШ 2021 жылы 97,4 балл жинап, екінші орынды 97,6 балы бар Қытайдан тартып алды және бұл орынды үшінші жыл қатарынан ұстап тұр.
Айта кетейік, Украина өз позициясын айтарлықтай нығайтты: зерттеуге сәйкес, 2023 жылы ол 73,6 балл жинаса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 65,6 балл, 2021 жылы небәрі 38,6 балл болған.
Стокгольмдағы халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) мәліметінше, Қазақстан Орталық Азияның ақпарат берген елдерінің ішінде ең жоғары әскери бюджетке ие. Мәселен, 2022 жылы ол 1,1 млрд АҚШ долларын құраса, Қырғызстан мен Тәжікстанда бұл көрсеткіш тиісінше 149,8 млн АҚШ доллары және 103,5 млн АҚШ доллары. Сонымен қатар, inbusiness.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан әскери қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстарды айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отыр — 1,2 трлн теңгеге дейін (қазіргі бағам бойынша шамамен 2,4 млрд АҚШ доллары).
Сонымен қатар, SIPRI мәліметінше, Қазақстанның әскери бюджеті 30% қысқарды, ал көршілері Тәжікстанда 26,6% және Қырғызстанда 12,3% өсті.
Өзбекстанның әскери шығындары туралы қазіргі мәлімет жоқ, бірақ 2018 жылғы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, ӨР-ның әскери бюджеті 1,4 млрд долларды құрады, ол сол кездегі Қазақстандағыдан 3,9% төмен болды.
Әлемдегі әскері ең қуатты елдердің әскери шығындары айтарлықтай өзгереді. 2022 жылы Ресейдің әскери шығыны 86,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл АҚШ-тың 876,9 млрд АҚШ долларынан 10 есе аз. Қытайдың әскери шығыны 292 млрд АҚШ долларын құрады. Айта кету керек, қазірдің өзінде айтарлықтай сомаларға қарамастан, үш ел де әскерге жұмсалатын шығындарды ұлғайтты: АҚШ пен Қытай тиісінше 8,8% және 2,1%, ал Ресей шамамен үштен бірге көбейтті.
Айта кетейік, Украинаның 2022 жылға арналған әскери шығыны, SIRPI мәліметінше, 44 млрд АҚШ доллары, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,4 есе көп.