Munarmedia.kz. 28.06.2025 /Астана/-Сенат әскери қызмет туралы заңға түзетулерді мақұлдады: енді әскерге шақырудан кейінге қалдыру тек білім деңгейінің әр сатысы үшін бір-ақ рет беріледі. Яғни бакалавриаттан магистратураға ауысқанда кейінге қалдыру алуға болады, бірақ тағы бір бакалавриатқа түскен жағдайда ол берілмейді.
Сондай-ақ:
-
Мектеп пен колледждерде әскери дайындық енгізіледі.
-
Шақыру билеттері eGov және SMS арқылы келеді.
-
Әскер қатарындағылар ҰБТ тапсырмай оқуға түсе алады, грантты қорғау мүмкіндігі бар.
-
Шарт бойынша қайта қызметке тұру жеңілдетіледі.
-
Әскерилердің балаларына артықшылық беріледі.
Министрлік мобилизациялық жүйені күшейтуде. Армия қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналуда.