Munarmedia 19.03.2026 /Астана/ — Астана қаласында Elorda Eco System коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерінің жиыны өтті, деп хабарлайды Munarmedia.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, наразылық акциясы жұмысшылардың басшылықпен кездесуіне ұқсас форматта өткен. Сол күні оның шамамен онға жуық қатысушысы әртүрлі мерзімге әкімшілік қамауға алынып, тағы бірқатары сот шешімін күтуде.
Власть интернет-басылымының хабарлауынша, жиынға шамамен 80 адам қатысқан. Кездесу барысы журналист Сания Тойкен арқылы тікелей эфирде көрсетілген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған және жауапкершілікке тартылған барлық азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабы («Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау») бойынша айып тағылған.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты мән-жайлар нақтыланып жатыр.