Астанада «Брюгге» жанкүйерлері Бораттың костюмін киіп, полицияға жеткізілді

30

Munarmedia.kz 22.01.2026 /Астана/ 20 қаңтар күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен футбол матчында бельгиялық «Брюгге» командасының үш жанкүйері Борат кейіпкерінің костюмін киіп шыққан.

Құқық қорғау органдары олардың әрекетін айналасындағыларға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағалады. Соның нәтижесінде шетелдік жанкүйерлер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық орында мас күйде жүру және ұсақ бұзақылық жасау деректері бойынша әкімшілік іс қозғалған.

«Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта шетел азаматтары уақытша ұстау изоляторында отыр.