Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Астанада өтетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық спортшы қатысады

45
8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында атлеттер спорттың 21 түрінен бақ сынасады. Оның ішінде жартысы – қазақтың ұлттық спорт түрлері, қалғаны көптеген түркі елдерінің ұлттық спорт түрлері. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады. «Ойындарға 89 елден делегациялар қатысатынын растады. 2500 астам спортшы келеді деп күтілуде», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында. Спорттық инфрақұрылымға тоқтала келе, вице-министр «бір сызық» концепциясы қолданылатынын атап өтті. «Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында тұрған спорт нысандары пайдаланылады. Негізгі 7 спорт нысаны. «Астана Аренада» жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен жарыс өтеді, жеңіл атлетика манежі – аккредитациялауға арналған. Сондай-ақ, Ұлттық ат спорты түрлерін өткізу үшін «Қазанат» ипподромы реконструкциядан өткізіліп жатыр. «Думан» қонақ үйінде тоғызқұмалақ, мангала және т.б. спорт түрлерінен жарыстар өтеді», - деді С.Жарасбаев. Сонымен қатар, шара аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.