Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Астанада Сот сараптамасы орталығының басшылығы ұсталды

85

Мемлекеттік сатып алудағы миллиардтық ұрлық схемасы анықталды.

Сот сараптамасы орталығының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Әңгіме осыдан екі жыл бұрын ұйымды техникалық жабдықтауға бөлінген 2 миллиард теңге туралы болып отыр. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қалалық департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта Орталықтың директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және өнім беруші екі айға қамауға алынды.

«2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 10,3 миллиард теңге бөлінді. Алайда 2023–2024 жылдары Сот сараптамасы орталығының лауазымды тұлғалары өнім берушілермен алдын ала сөз байласып, бюджет өтінімін дайындау барысында жабдықтардың құнын үш есеге арттырған. Ол үшін жалған коммерциялық ұсыныстар ұсынған», – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, тендерлік құжаттамада тек белгілі бір жабдықты жеткізуге қабілетті аффилиирленген компанияның мүддесі ескерілген.

«Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 миллион теңгеден асатын активтерге тыйым салынды. Оның ішінде Алматыдағы екі жер учаскесі, Астанадағы пәтер, BMW X6 және RAV4 маркалы автокөліктер бар. Сондай-ақ жауапты тұлғалардың банк шоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро көлеміндегі қаражатқа да бұғат қойылды», – деп мәлімдеді агенттік.

Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы, мемлекеттік сатып алу департаментінің жетекшісі және өнім беруші қамауға алынды.