Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Астанада жастарға арасында танымал «Бөкентау» спорт клубының үш жылдық мерейтойы аталып өтті.

406


Осыдан үш жыл бұрын қоғамымыздың белсенді азаматтары Даянұлы Арасанбек, Сахаба жеңісбек т.б бірігіп «Бөкентау» волейбол тобын құрған еді. Жылдар өте келе белгілі спортклубына айналды. Қазірдің өзінде бірнеше іргелі командалары бар жалы алғанда жүзге жуық адамдары бар «Бөкентау» спорт  клубы елордамызда халықаралық, республикалық турнирлердің бастамашысы олып өткізіп келеді.


Мінеки,  үш жылдық мерейтой қарсаңында да жастар турнирін өткізді. Ашық турнирге 12 команда қатысты. Монғолиядан келген «Ұланқұс», Алматыдан «Керлен», Павлодардан «Береке», Қарағандаыдан «Сарыарқа 1», «Сарыарқа 2», «Әлем», командалары мен Ақмола облысынан «Ақкөл», «Сарыоба», «Макинск», Астанадан «Бөкентау» командалыр қатыстып, бақ сынасты. Жастар арасындағы ашық турнирдің бас демеушісі «Бөкентау» құрылыс заттары компаниясының директоры Нұртай Асылбек.



Сонымен командалар таныстырылып болғаннан кейін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналып, кеш қонақтары құттықтады. Олардың қатарында белгіліг спортшы, ардагер, спорт шебері Капитанұлы Аманкелді, «Бөкентау» спорт  клцбының негізін қалаушы Даян Арасанбек, Сахаба Жеңісбек, Нұрлан Көрпешұлы және басқа да спорт майталмандары құттықтап, жастарға жеңіс тіледі.


Сонымен күні бойы жалғасқан қызу ойын мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. «БӨКЕНТАУ» спорт клубының құрылуына 3 жыл толуына орай жастар арасында Волейболдан Республикалық ашық турнирінің жүлдегерлері:

1. Үздік ойыншы атауы бойынша Моңғолиялық «Улаанхус» командасының ойыншысы Хавдраш Жәрдембек.

2. Үздік шабуылшы атауы бойынша Алматылық «Керлен» командасының шабуылшысы Нұрбол Азамат

3. Үздік үйлестіруші атауы бойынша Павлодарлық «Береке» командасының үйлестірушісі Баясхан Есенай

4. Үздік қорғаушы атауы бойынша Астаналық «БӨКЕНТАУ» командасының ойыншысы Нұрлан Қадырбектер марапатталды.

Жалпы ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені Алматылық Керлен командасы иеленді.

2-орынды Павлодарлық Береке командасы ал жүлделі 3-орын Моңғолиядан келген Улаанхус командасына бұйырды.

Әрбір жүлделі командаларға кубок және ақшалай сыйлықтар және  әр ойыншыға медальдар табысталды.