Астанада жүргізушісіз такси қызметін іске қосуға дайындық басталды.

65

Munarmedia.kz 30.12.2025 /Астана/ – Елордада тиісті меморандумға қол қойылды. Құжатқа салалық министрліктер, қала әкімдігі және Yandex Qazaqstan компаниясы қатысуда.

Тараптар автономды такси сервисін кезең-кезеңімен іске қосу тетіктерін бірлесе пысықтауға келісті. Атап айтқанда, қауіпсіздік талаптары мен ережелерін қалыптастырудан бастап, сынақ режиміндегі іске қосуды жүзеге асыруға дейінгі мәселелер қамтылады. Пилоттық жобаны 2026 жылы іске асыру жоспарланып отыр.

Бастапқы кезеңде негізгі назар нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге, қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға және автономды көлікті қалалық ортаға қауіпсіз түрде ықпалдастыруға аударылады.