Бір жылдан астам уақыт Газа секторында
ойына келгенін істеп, адамзатқа қарсы ауыр қылмыстар жасап келген Израильге Гаагадағы
Халықаралық қылмыстық сот тағы басқа да халықаралық ұйымдар Израильдің әскери
қылмыстары туралы айтып жатса да ешқандай нақты әрекет жасаған жоқ.
Жалпы мұнда АҚШ-тың ролі қандай? Сонау 20-ғасырдың басынан АҚШ
әлемді жалғыз өзі билеп төстеу саясатын қолданды. Алайда 1940 жылдары Гитлер
қыстырылып, АҚШ-тың саясатын құртып жібере жаздады. КСРО мен АҚШ күш біріктіре
отырып, миллондаған адамды құрбан етіп әзер жеңді.
Кейіннен КСРО мен АҚШ әлем елдерін екіге бөліп
алды десек артық айтқандық емес. АҚШ Еуроодақ, НАТО сынды ойыншық құрылымдарды
қаржыландыра отырып, өзінің ықпалын жүргізуді ойластыра бастады.
Алайда ядролық әлеуеті күшті, КСРО-ны
оңайлықпен ала алмасын білген АҚШ көптеген жылдар бйоы өзінің арам ойын жасырып
келді.
КСРО-ны коммунистік идеологияға нық
берілген «шалдар» басқарып тұрған кезде құлату мүмкін емес екендігін түсінді.
1985 жылы КСРО-ны басқаруға келген жас
М.Горбачевті батыс пайдаланды. Асты-үстіне түсу арқылы батыстық құндылықтарды
сіңіріп, көмектерін аямай, жылы қабақ танытты.
Нәтижесінде 1990 жылы діттеген
мақсаттарына жетіп КСРО-ны құлатты. Оны көп ешкімге белгісіз коммунист Б.Ельцин
жалғастырып он бес бөлікке шашыратып жіберді. Ресейді тұралату үшін Хаттаб тағы
басқа арабта арнайы дайындалған әскерилерді жіберу арқылы Шешенстанды бүлік
шығарды. Бірнеше жылға осзылған соғыста Ресей әскері көптеген шығынға ұшырады.
Бұл тек ғана Ресейді сынап көрідің
әдісі еді. Шешенстанның Ресей құрамынан кете алмайтындығы бесенеден белгілі
жағдай болатын.
Енді АҚШ НАТО мен ЕО арқылы әлем елдерін
басқару тетігіне қол жеткізген соң Сталин мен Эйзенхауер арасындағы әлемді «бөліп
билеу» жоспарынан айнып, нақты іске кірісе бастады. Еуропаның барлық елдерін
НАТО мен ЕО құрамына мүше ету арқылы бұрыңғы КСРО-ның мұрагері Ресейдің шекарасына
келді. Ресейдің ықпалымен басқарып келген орысшыл Украина президенттерін түрлі
революциялар ұйымдастыру арқылы кетіріп, саясатттан хабарсыз, әртіс Владимир
Зеленскийдің билікке келуіне ықпал етті.
Зеленскийді НАТО мен ЕО мүшелікке енуге
көндіріп, қару-жарақ, әскери және қаржылай көмек береміз деген уәдемен Ресейге
қарсы соғысты бастауға мәжбүр етті.
Мен бұл жерде Ресейді ақтап алайын деп
жатқаным жоқ. Ресейдің де шовинистік көзқарасы мен өзімен одақтас елдерге
жасаған қиянаты көп.
Алайда қазіргі жағдайды сіздер дұрыс
бағытта түсінсін деген оймен жазып отырмын. Бұл жерде ескі коммунист, тіс
қаққан саясаткер Н.Назарбаевтың да 2019 жылы биліктен кетуге шұғыл шешім
қабылдауын да гәп бар.
Әлем картасының өзгеріске ұшырап,
Қазақстанның болашағы бұлыңғыр күйде қалуы мүмкін екенін сезген кәрі диктатор
өзін тарихта «Ұлы тұлға», «Елбасы» ретінде қалдыруды ойлаған болу керек.
Ол Қазақстанға Ресейдің де, АҚШ-тың
да, Қытайдың ықпалы күшті боларын сезді.
Онымен қоймай, Қазақстанда өткен «Қантар»
оқиғасының артында кімдер тұрғаны бізге беймәлім.
Мұндай деңгейдегі мемлекеттік
төңкерісті К.Мәсімов жалғыз жасады деу қателік.
Сондықтан да билік К.Мәсімовтың сотын
шу қылмай, үн-түнсіз «18 жылға сотталды» деп жылы жауып қоя салуының артында
көптеген сыр жатыр. Жарайды, оның уақыты келгенде ашылар. Тек кеш болмаса болды.
Сонымен АҚШ-тың көмегіне сүйенген
Зеленский соғысты бастап жіберді. АҚШ-тың есебі бойынша бұрыңғы КСРО
құрамындағы елдер Ресейге көмектеспейді. Егер ондай әрекет жасалса «санкция»
салып жібереміз деп қорқытып ұстап отыр.
Екі жыл ішінде Украинаның тоз-тозы
шықты. Кезінде 50 млн халқы бар мемлекеттің жартысы шетел асып кетсе,
қалғандары күнделікті соғыста қырғынға ұшырап, азық-түлік, жылу т.б тұрмыстық
тауқыметтерін тартып келеді.
Бұл соғыста не Украина жеңіліп я
болмаса Ресей толық құлауы керек. Қазіргі таңда ұзаққа созылған соғыстың
артында не тұрғаны белгісіз.
Мысалға, АҚШ пен оның одақтастары
Украинаға қаржы мен қару берсе де оны Ресей территориясында қолдануға рұқсат
бермей отыр. Не себепті? Ресейді Украинамен алыстырып қойып, АҚШ Израильге
қару-жарақ, қаржы беру арқылы Палестинаға соғысты бастатып жіберді.
Бір жылға созылған соғыста 40 мыңнан
астам палестиндік қаза болды. Оның 17 мыңы балалар мен әйелдер. Жақында Израиль
Ливан мемлекетіне қарсы шабуыл жасады. Бомбаның астында қалған Ливан халқы
үдере көшіп жатыр. Тіпті пейджерлерді жару арқылы 4 мыңға жуық адамды
жарақаттады.
Ең бастысы АҚШ-қа қатты қарсылық
көрсетіп келген «Хезболла» ұйымының басшылық құрамын толық жойып жіберді. Мұның
барлығы Израиль мен Иранды соғыстыру үшін жасалып жатқан әрекеттер. Ақыры
дегеніне жеткен сияқты. Ислам әлеміндегі өз орны бар Хасан Насрулла т.б сияқты тұлғалардың өліміне шыдамаған Иран
кеше Израильды бомбаның астына алды. АҚШ-тың да күткені осы еді.
Израильде бірнеше күнде қарсы шабуыл
жасайтынын мәлімдеп отыр. АҚШ –тың жолында кедергі болып отырған, ядролық қаруы
бар Ресей, Иран, Қытай, Солтүстік Корея мемлекеттері.
АҚШ өзі тікелей ешқандай соғысқа
араласпай, өзгенің қолымен жасап отырған қанды қасапқа Иран араласса үшінші
дүниежүзілік соғыс басталып кетуі ғажап емес. АҚШ-тың мақсаты ядролық қаруы бар
мемлекеттерді әлсірету немесе жою. Сонда ғана әлемге толық өктемдігін жүргізе
алады.
Естеріңізде болса Иракта ядролық қару
дайындалуы мүмкін деген желеумен Саддам Хусейінді дарға асты. Ол кезде әскери
әлеуеті күшті Ирак АҚШ үшін шын мәнінде қауіп тудырып тұрған ел еді.
Ал мемлекетінің әлеуеті өсіп,
экономикасы жақсарып, мұнай өндіруден әлемде өз ықпалын арттырған Ливияда
көтеріліс ұйымдастырып көсемдері Махмуд Каддафиді өлтірген де АҚШ емес пе еді?
Қазір сол өркендеген Ливия қайда? Иракта АҚШ әскери базалары орнап, биліктен толық айырылып
қалған жоқ па? Ауғанстанды КСРО-ға қарсы қойып, көп жылдар соғыс алаңына
айналдырып келген АҚШ ақыры КСРО құлаған соң Ауғанды тастап кетіп қалды.
Содан есін жимаған Ауғанстанды
радикалды тәліптердің қолына қалдырып кетті. Сондықтан да алдағы қараша
айындағы сайлауда АҚШ президенті кім болады? Трамп па әлде Харрис пе? Бұл аса
маңызды.
Трамп келсе, Ресей үшін жылымық пайда
болып, Украинаны жығып беруі мүмкін. Трамп Израильдің басқыншылық соғысын толық
қолдайды. Сондықтан да Таяу Шығыста соғыс өрті одан сайын тұтануы мүмкін. Бұл
соғысқа Иран мен Түркияның араласуын күтіп отыр. Түрлі провакациялар сол үшін
де жасалуда. Оны өзі де ашық айтқан еді.
Харрис келсе, Ресейдің әскери әлеуетін
әлсірету мақсатында Украинамен соғыс ұзаққа созылып кетуі мүмкін.
Ресей әбден қалжыраған кезде немесе
Путин биліктен кетіп, еуропашыл адам билікке келген уақытта АҚШ өз дегеніне
көндіре алады.
Сонымен Украина Ресейге, Израильді
Иранға қарсы салған АҚШ-тың келесі қадамы қандай болмақ?
Бұл жерде Қытай немесе Солтүстік Корея болуы
ғажап емес. Қытайға қарсы кімді қолданады. Орталық Азия елдерін Қытайға қарсы
қоя ма? Өйткені соңғы жылдары Еуропаның небір марқасқалары Орталық Азия
елдеріне келгіштеп кетті.
Шақырып құрметті қонақ ете бастады. Мұның
артын бір гәп болуы ғажап емес. Жапоняға АҚШ тың әскери әуе күштері неліктен
топтанып жатыр? Өзбекстанға АҚШ-тың әскери базасы орнауы мүмкін бе?
Қазақстан мен Орта Азия елдерінің өзара,
Түркиямен, Ресеймен әскери оқу ойындарын өткізе беруінде не сыр жатыр?
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи 2030
жылы Қазақстанда соғыс болуы мүмкін деп қандай деректерге сүйеніп айтты? Көкпардан
бастау алған қазақ, қырғыз қатынасын кім ушықтырғысы келеді? Мұның барлығын
келесі саяси шолуымызда баяндайтын боламыз.