Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Асылбек Баяжума. ЛГБТ –Қазақстанның басты проблемасы болуы мүмкін

127

ЛГБТ –Қазақстанның басты проблемасы болуы мүмкін

Бұл баяғыдан келе жатқан проблема. Гендерлік теңдік пен теңсіздік мәселесі жаһандану заманында агерссивті қаржылық қолдау мен медиа саланың қолдауымен қарқын алып келеді. Мұның бір дәлелі Париждегі Олимпиада. Тіпті батыс елдерінің өзі таң қалған ашылу салтанатында ЛГБТ өкілдерін насихаттау бағытында болғаны көптеген адамдардың ашуына тиді. Сақалды әйелдер мен әйелдердің киімін киген ерлер әлем елдерінде түрлі реакция тудырды. Түркия Президенті ашылу салтанатына барудан бас тартты. Тіпті әйелдер қатысқан бокс турниріне жынысын өзгерткен ерлердің қатысуы қазақстандықтар ғана емес Ислам және христиан дініндегі ұлттардың ашу ызасын туғызды. Бұған байланысты елдегі белсенді азаматтар «ЛГБТ жұмысын тоқтату туралы» петиция жариялап 50 мы адам қол қойды.

Петицияда Қазақстанда ЛГБТ насихаттаудың ашық және жабық түрлерін  тоқтатуды талап етті. Бұл туралы әлемдік ірі БАҚ мен БҰҰ өзі алаңдаушылық білдірді. Дегенмен Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмыс тобы петицияны талқылап ішінара келісу туралы шешім қабылдады. Соңғы шешімін петиция авторларына 6 тамызда жолдайды. Сарапшылардың айтуынша адам құқығы мен жат құндылықтар арасын айыра білуіміз керек.

Алайда адам құқығын желеу еткен батыстың «қалыпты» сияқты қабылдаған д.ниесі көп жағдайда трагедияға айналып келеді. Бұдан тіпті әлемге танымал адамдарда зардап шегіп отыр. Мысалға, Джеки Чан, Анжелина Джоли, Илон Маскінің балалары туғаннан бастап құдай жаратқан қалыбынан айынып, басқа жолды таңдады. Қыздары ұлға, ұлдары қызға айналып байлықтан бастары айналғанмен жеке отбасында бақытқа кенелмеген жандардың трагедиясын жасырын ұстауға тырысты.

Джеки Чан өз қызынан бас тартса, Анджелина Джолидің баласы жынысын ауыстрымақ болған. Ал Илон Маск өзінің ұлынан айырылғанын мәлімдеген еді. Сондықтан да американдық Илон Маск ЛГБТ жанымен қарсылардың бірі. Ал Европа елдерінде бұл мәселенің өршігені сонша билік басындағылардың өздері де былығып кеткен. Бұл жерде әлемдік фармкомпаниялар мен басқа да бизнес өкілдері мүдделері тоғысқан. Оның үстіне бұл сала есепсіз пайда әкеліп отырғаны сөзсіз.

 Батыста ЛГБТ –ны мойындамасаңыз сізге ешкім жақсылық жасамайды. Тіпті қызметке тұру, сервистік және мемлекеттік қызмет алудың өзі мүмкін емес. Алайда батыстағылардың барлығы ЛГБТ бағытын ұстанған деп тұжырымдауға болмас. Отбасы құндылықтарын жоғары қоятын азаматтар қоғамды жаулаған шірік жүйеге қарсы шығуда.

ЛГБТ –ны сылтау еткен адам құқығын қорғаушысымақтар Палестинада азап шегіп жатқан адамдардың бұзылған құқықтары туралы ештеңе де айтқысы келмейді. Әлемдегі батыстың қаражатамен орын алып жатқан  соғыстар мен аштықтар, адамды заңсыз сату т.б сылтау еткендер ондай сәтте адам құқығы туралы тіс жармайды.

Мдернизм сылтауымен ЛГБТ посткеңестік елдермен Шығыс блокка еніп келеді. Полша өзін ЛГБТ насихатынан бос мемлекет ретінде жариялады. Ресейде ЛГБТ ұйымы экстремистік деп танылған.

Орталық Азияда Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдері өздерінің ұлттық құндылықтарын қатаң ұстанғандықтан «жат» идеологияны елге жолатпай отыр. Қазіргі таңда батыстың ЛГБТ қолдаушы ұйымдары мен мемлекеттері Қазақстан мен Қырғызстанға шабуылын үдетті. Бұл мақсатта Еврокомиссардың Астанаға келуі де тегін емес еді. Тіпті Қазақстанның Конституциялық Кеңесі ер адамдарға үйленбей –ақ бала асырап алуға болады деп рұқсат еткен екен деседі. Жер планетасында адамдардың көбеюіне алаңдаған «басқарушылар» әлемнің биоресурстарын азайтудың жоспарын жүзеге асырып отыр. Осыдан екі жыл бұрын өткен короновирус пандемиясы әлемде 18 млн адамды жалмаса, Таяу Шығыстағы соғыстар, Ресей мен Украина қақтығысы, Африкадағы азаматтық соғыстар мен аштықтар, аурулар тегіннен тегін өткізіліп жатқан жоқ. Ал жер планетасынан биоресурстарды азайтудың екі жолы бар. Соғыс пен ЛГБТ. Соғыс адамзатты бірін-бірі қыруға бағытталса, ЛГБТ адамдардың өмірге келмеуі, туылу процессінің тоқтауына әкеледі. Ал әлемде дамып келе жатқан жасанды интелекті де болашақта жер планетасында адамзат саны азайғанда тірі қалған «жоғары мәртебелілерге» қызмет істейтін роботтарды дайындау жұмысының басталғандығын айқындайды. Ал ЛГБТ қолдайтындар проблеманы білмейтіндер немесе одан «үлес» алатындар.

Қорыта айтқанда, Қазақстанға және қазақ халқы үшін ЛГБТ орасан зор өауіп әкеледі. Онсызда саны 20 млнға жетер-жетпес қазақтардың ұлттық санасынан, болмысынан, құндылықтарынан айырылып, жер бетінен жойылып кету қауіпін тудырады. Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанды батыстың ЛГБТ қолдайтын ұйымдары мен мемлекеттер тарапынан көрсетіліп жатқан «қысымдар» мен «уәделер» ел билеушілердің «Жаңа Қазақстанда» ЛГБТ насихатын тоқтатуға мүмкіндік бермей отыр.