Атлант мұхитының түбінен 200 мың радиоактивті қалдық салынған контейнер табылды

21

Munarmedia.kz.01.07.2025 /Астана/-Атлант мұхитының тереңінен өткен ғасырдың қараңғы шындығы ашыла бастады — ғалымдар 1950–1990 жылдар аралығында су түбіне тасталған 200 мыңға жуық ядролық қалдықтар салынған контейнер тапты. Ол кезеңде тереңдік пен алыстық — радиациядан қорғанудың ең сенімді жолы саналған.

Енді бұл "көмілген" қалдықтар 5 шақырымға дейінгі тереңдіктен табылып отыр. Аталған аймақтағы теңіз суының құрамы мен радиациямен өзара әрекеттесуі әлі толық зерттелмеген. Қалдықтардың қазіргі күйі, олардың экожүйеге нақты әсері туралы ешкім дөп басып айта алмайды.

Бір қарағанда таңғаларлық жайт — онжылдықтар бойы мұхитқа радиоактивті қалдық төгіп келген елдер бүгінде "жасыл энергетика", "таза планета" мен "экологиялық жауапкершілік" жайлы ең көп айқайлайтындар қатарында.

Экологтар мен жаһандық сарапшылар енді осы көмілген қауіптің болашақта адамзат пен табиғатқа қандай залал келтіруі мүмкін екенін жіті зерттеуге шақыруда.