Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апат — бензин төгілген аймақты тазарту жұмысы екінші күн жалғасуда

69


Атырау мұнай өңдеу зауытында орын алған апаттың салдарын жою жұмыстары екінші күн қатарынан жүргізілуде. Кәсіпорын аумағында мұнай өнімдері төгілген.

Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, апат 9 қаңтар кешінде болған. Оның салдарын төрт сағат бойы жоюға тырысқанымен, толықтай жойылмаған. Қазіргі уақытта бензин арнайы сорғылардың көмегімен сорылып жатыр.

Облыстық экология департаменті мұнай өнімдерінің төгілгенін растады және осы оқиғаға байланысты тексеру тағайындалатынын мәлімдеді.

— Атырау мұнай өңдеу зауытындағы төтенше жағдайдан хабардармыз. Бұл мәселе бойынша облыстық экология департаменті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сәйкес тексеру тағайындау жұмыстарын жүргізуде, — деп хабарлады департамент өкілдері.