Munarmedia.kz 27.11.2025 /Астана/ Абай облысының Жарма аудандық соты кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты М. есімді сотталған азаматшаға — көпшілікке Айка атымен танымал блогерге — жазаны өтеуді екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Айке бұған дейін ірі көлемде психотроптық зат сақтағаны және «элиталық эскорт» желісін ұйымдастырғаны үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. Бұған дейін сот оның жазасын жеңілдетуден бас тартқан. Алайда ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер — кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге жазаны кейінге шегеруге мүмкіндік беретін норма — іс жүзінде бірінші рет қолданылып, Айкенің ісі қайта қаралды.
Сотталушының оң мінездемесі, қарыздарының болмауы және баласының мүддесі ескеріліп, оған екі жыл бойы пробациялық бақылауда болу міндеті жүктелді. Осы мерзім аяқталғаннан кейін ол колонияға қайтадан баруға міндетті.
Дәл осы қылмыстық іске қатысы бар сыбайласы 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін орындала бастайды.