Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Атышулы "Жексон-Веник": Әмірика Қазақстанға тұрақты сауда серіктесі статусын бермекші

58



АҚШ Конгресі Қазақстанға қатысты атышулы "Жексон-Веник" түзетуін алып тастау туралы заң жобасын қарастыратын болды. Бұл туралы Уашингтоннан ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Рүстем Қожыбаев хабарлады.

«H.R.1024» деп аталатын заң жобасын Өкілдер палатасының мүшесі, Калифорниядан сайланған демократ Жимми Панетта және Алабамадан республикашыл Роберт Әдерхолт, Невададан демократ Дина Тайтус, Иллинойстан республикашыл Дерин Лақуд, Кәлифорниядан демократ Еми Бера, сондай-ақ Нью-Йорктан демократ Том Суөззи бірлесіп ұсынып отыр.

"Қазақстанға "тұрақты сауда қатынастары" (PNTR) статусын беру арқылы

🇺🇸

 АҚШ пен

🇰🇿

Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарамыз.

Инвестиция ауқымын кеңейтуге, сонымен қатар жаһандық бәсекелестік күшейіп тұрған кезде тұрақты әрі тәуелсіз Қазақстанды қолдауға мүмкіндік туады.



Маңызды сауда серіктесімізді XXI ғасырға сай жүйеге бейімдейтін уақыт жетті", – деп атап өтті конгрессмен Жимми Панетта.