Ауғанстан Ислам Әмірінің басшысы Хибатулла Ахундзада неке және үйлену тойларына қатысты жарлық шығарды:
⚫️ Мәһір (неке сыйлығы) – әйелдің құқығы, оны ешкім тартып ала алмайды. Ислам құқығы бойынша мәһірдің ең төменгі мөлшері – он дирхам, ал жоғарғы шегі белгіленбеген.
⚫️ Ислам қарапайым некені және артық шығыннан аулақ болуды насихаттайды.
⚫️ Үйлену тойлары шектен тыс сән-салтанатсыз өтуі тиіс. Қалыңдық пен оның отбасы күйеужігітті тойды қымбат мейрамханаларда өткізуге немесе бағалы көліктерді пайдалануға мәжбүрлей алмайды.
⚫️ Қалыңдықты күйеуінің үйіне шығарып салу кезінде қарсы тараптан ақша талап етуге қатаң тыйым салынады.
⚫️ Үйлену тойында үлкен шеру ұйымдастыруға, жолдарды жабуға, адам өліміне немесе қоғамға қолайсыздық тудыруы мүмкін кез келген әрекетке жол берілмейді.