«Mumarmedia.kz | 12.09.2026 | ASTANA» Австралияда халықтың экономикалық көңіл күйі қыркүйекте күрт нашарлады.
Westpac–Melbourne Institute индексі 5,2%-ға төмендеп, 84,4 пунктке түсті. Бұл — тамыздағы өсімнің басым бөлігін жоққа шығарған құлдырау. Бір жыл ішінде көрсеткіш шамамен 12%-ға төмендеген.
Ең қызығы — адамдардың алаңдауына үш фактор қатар әсер етіп отыр. Жанармай бағасы, пайыздық мөлшерлемелер және тұрғын үй нарығыда шарықтай бастады.
Австралияда жанармай бағасы литріне 2 австралия долларынан асып кеткен. Ал сауалнамаға қатысушылардың 64%-ы алдағы 12 айда ипотекалық мөлшерлемелер тағы көтерілуі мүмкін деп есептейді. Ипотекасы бар адамдардың көңіл күйі бір айда 13%-ға құлаған.
Былай қарасаңыз, қарапайым арифметика: көлікке жанармай қымбат, үйге несие қымбат, ал жалақының көңіл күйі бұл жарыста әдеттегідей соңынан келе жатыр.
Кеңес: мұндай кезеңде ірі сатып алуды эмоциямен емес, ай сайынғы төлемге түсетін нақты салмақпен есептеген жөн. Әсіресе өзгермелі пайыздық мөлшерлемемен алынған несие болса, «бәрі жақсы болады» деген оптимизм банкке төлем жасау кезінде қабылданбайды.
#Австралия #тұрмыс #ақша #ипотека #жанармай #инфляция #қаржылықсауаттылық