"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы техпаспортты келесі жағдайларда ауыстыру қажет екенін еске салды:
🔹 Құжаттың жоғалуы, ұрлануы немесе бүлінуі
🔹 Көлік иесінің тұрғылықты мекенжайының өзгеруі
🔹 Иесінің аты-жөнін немесе заңды тұлғаның атауын өзгертуі
🔹 Көлікті қайта жабдықтау немесе оның түсін өзгерту
🔹 Тіркеу деректеріндегі қателерді түзету
🔹 Кузов, шасси немесе раманы ауыстыру
Техпаспортты ауыстыру үшін арнайы ХҚКО-ға барып, өтініш, жеке куәлік және мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртекті (2025 жылы 4 915 теңге) ұсыну қажет. Кейбір жағдайларда қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.
📸 Фото: Ашық дереккөздер