"Байтақ" партиясы қарттарды құттықтады

150

Munarmedia.kz 08.03.2026 /Astana/8 наурыз күні әлеуметтік желілер әдеттегідей мерекелік ашықхаттар мен ресми құттықтауларға толып жатады. Алайда Қазақстанның  "Baitaq" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев бұл күнді өзгеше форматта өткізуді жөн көрді.

Партия жетекшісі өз әріптестерімен бірге Астана маңындағы қарттар үйіне арнайы барып, ондағы әжелерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.


Сапар ресми шара емес, қарапайым әрі шынайы кездесуге ұқсас болды. Қонақтар әрбір анаға гүл шоқтары мен құттықтау конверттерін табыстап, қарттар үйіне ортақ сыйлық ретінде теледидар мен домбыра сыйлады.

Кездесу барысында партия мүшелері қариялардың денсаулығын сұрап, тұрмыс-тіршілігі жайында әңгімелесті. Шағын дастарқан басында отырып, емен-жарқын әңгіме өрбіді.

Қонақтарға аналардың ақ батасы берілді. Бұл – үлкендердің ризашылығы мен алғысының белгісі.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сапардың артында үлкен саяси бағдарлама немесе арнайы науқан жоқ. Бұл – ең алдымен, үлкендерді құрметтеу тек сөзбен емес, нақты қамқорлық пен жанашырлық арқылы көрінетінін еске салу.

Толығырақ: https://t.me/Munarmedia 📲