Munarmedia.kz 31.01.2026/Астана/-Елордада Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Орталық аппаратында көрнекті ақын, ойшыл әрі қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовті Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасының бірінші кезеңі сәтті аяқталып, екінші кезеңге өткендігі туралы, сондай-ақ бірінші кезеңде атқарылған жұмыстардың есебі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бұл бастаманы Америка Құрама Штаттары, ТМД елдері, Закавказье, түркі әлемі және Орталық Азия мемлекеттері тарапынан кеңінен қолдау тапқанын атап айтты.
Жуырда АҚШ-тағы Маримаунт университетінің профессоры, философия
докторы, Діни төзімділік, бейбітшілік және әділеттілік институтының негізін
қалаушы әрі президенті Арик Гринберг те Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну
хатына қол қойып, Нобель комитетіне жолдады.
Сонымен қатар, Номинациялық хаттар Әзербайжанның төрт ғалымы
тарапынан, оның ішінде Тіл білімі институты мен Философия және әлеуметтік
ғылымдар институтының басшылары және Тәжікстан мемлекетінің К.Ататүрік
орталығының жетекшісі, Орталық Азия университетінің (Душанбе) профессоры
П.Шозимов, Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы, Қырғыз
Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясының проректоры, профессор
З.Курманов және Қарашай-Шеркеш университетінің профессоры, Қарашай
халқы конгресінің өкілі З.Караева тарапынан жолданды.
Бүгінгі таңда Норвегиялық Нобель бейбітшілік комитетіне 27
номинациялық хат жолданды. Оның 9-ы — шетелдік ғалымдардан,
парламентарийлер мен саяси қайраткерлерден түскен.
Қазақстан тарапынан Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын қолдаған
беделді тұлғалар қатарында Қонаев университетінің президенті, профессор
Жалаири Өміралі Шақарапұлы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының экс-
президенті, геология ғылымдарының докторы Даукей Серікбек Жүсіпбекұлы,
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық
орталығында Еуразия құқық университетінің профессоры К. Айтхожин, сондай
ақ академик, философия ғылымдарының докторы, Халықаралық түркі-славян
академиясының президенті, Қазақстанның алғашқы кәсіби Парламентіндегі
Олжас Сүлейменовтің серіктесі Досмұхамбет Нұр-Ахмет бар.
Сонымен қатар, бастаманы Қазақстанның әр өңірінен шыққан ғалымдар,
қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері де қолдап, Норвегиялық Нобель
бейбітшілік комитетіне жолданған номинациялық хаттарға қол қойды.
Екінші кезең: халықаралық деңгейдегі жұмыс
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы
Азаматхан Әміртаев Олжас Сүлейменовті Нобель бейбітшілік сыйлығына
ұсынудың негізгі номинациялық кезеңі сәтті аяқталып, бастама екінші —
халықаралық деңгейдегі кезеңге өткенін мәлімдеді.
Екінші кезеңі аясында Нобель бейбітшілік комитетінің мүшелерімен
тікелей әрі жүйелі жұмыс жүргізу үшін арнайы халықаралық ұйымдастыру
комитеті құрылғанын мәлімдеді. Комитетке партия төрағасы Азаматхан
Әміртаев жетекшілік етеді.
Жұмыс тобы Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын ілгерілету мақсатында Еуропа елдеріне сапарлар ұйымдастырып, халықаралық деңгейде жүйелі лоббистік жұмыс жүргізуді, қолдаушылар шеңберін кеңейтуді және шешім қабылдайтын тұлғалармен тікелей байланыс орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 2026 жылы 23 қаңтар күні өткен «Байтақ» партиясының Ақсақалдар кеңесінің отырысында Олжастану институтын - Олжас Сүлейменовтің философиялық және гуманистік мұрасын жүйелі түрде зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы шешім бірауыздан қолдау тапты. Институт басшылығына профессор Әлиев Орақ Жолмырзаұлы ұсынылды. Аталған институт партияның Қазақстанда гуманистік болашақ моделін қалыптастыруға қосқан үлесі болумен қатар, еліміздің бейбітшілік пен зияткерлік орталық ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.