Баласы әскерде өлген немесе мүгедек болып қалған бір топ ата-ана Астанаға келіп, қорғаныс министрлігіне жиналды. Алматы, Атырау, Шымкенттен келген ата-аналар министр Руслан Жақсылықовпен кездесуді талап етті.
Ұлының ісі дұрыс тергелмей жатқанын айтқан ата-аналар "екі жылдан бері министрлік табалдырығын тоздырып жүрміз, ешкім шыққан жоқ" деді.
Оларға министрлік өкілдері шығып, ішке алып кетті. Ата-аналарды министрдің орынбасары қабылдайды деді. Екі сағатқа жуық өткен кездесу ата-аналардың көңілінен шықпаған, олар "құрғақ уәдемен қайттық" деді.