Олар «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «ақшаны жылыстату» баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімімен ерлі-зайыптыға 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға және қаражат жинауға тыйым салынды. Кәмелетке толмаған баласы бар әйелдің жазасы 2 жылға кейінге қалдырылды. Тергеу барысында олардың шоттарына 2,2 млрд теңге түскені анықталды. Оның тек 6,4 млн теңгесі ғана баланың еміне жұмсалып, қалған қаражат жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған.