Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Батыс елдері Назарбаевтың айналасындағы бай-манаптардың шетелдегі дүние-мүлкін бұғаттағысы келеді

71


Томас Мэйн, бұған дейін Global Witness ұйымында қызмет атқарып, қазір Австриядағы Freedom for Eurasia атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі, Батыс елдерінің Қазақстанның бұрынғы билік өкілдеріне ешқандай санкция салмағанына наразылық білдірді. Оның пікірінше, Карим Мәсімов сынды тұлғалардың байлығы тергеліп, активтері бұғатталуы тиіс.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтып жүр – кейбір адамдар Назарбаевтың арқасында байып кетті. Ал бұл кезде Ұлыбритания мен АҚШ үнсіз. Масимов түрмеде отыр, демек, қазіргі билік оны "дос" санамайды. Ендеше, оның байлығын тексеріп, активтерін бұғаттау – Батыс үшін оңай жеңіс болар еді», – дейді Мэйн.

Мэйн тек Мәсімовті ғана емес, экс-президент Назарбаевтың туыстары мен жақындарын да атады. Атап айтқанда, племенигі Қайрат Сатыбалды, қызы Дариға Назарбаева, бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев, сондай-ақ «Казахтелеком» төңірегіндегі даулы мәмілелерге қатысы бар Айгүл Нуриева мен Александр Клебанов сынды есімдер аталды. FFE-нің мәліметінше, бұл адамдар ел қаржысын шетелде сән-салтанатқа шашқан.

Карим Мәсімовтің өзі Париждегі Ritz қонақүйінде қымбат бөлмелер жалдап, отбасын Disneyland-қа апарған, Франциядағы елші арқылы Наполеонның қолжазбаларын сатып алып, танымал астролог Павел Глобаға 200 мың доллар төлеген. Сонымен қатар, шетелде қымбат көліктер мен жылжымайтын мүлік те алғаны айтылды.

FFE ұйымы осы ақпараттарға сүйене отырып, Ұлыбританияны және өзге елдерді бұл қаржының заңдылығын тексеруге шақырып отыр.


Британ элитасы да күмәндануда

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр де Қазақстан билігімен күмәнді байланыста болған. Ол Назарбаев пен Мәсімовтің имиджін жақсартуға көмектесіп, олардан миллиондаған доллар ақы алған делінеді. Францияның экс-президенті Николя Саркози де осыған ұқсас айыптауларға іліккен болатын.

2024 жылдың соңында Ұлыбританияның жаңа сыртқы істер министрі, лейборист Дэвид Лэмми елдегі шетелдік «күмәнді байлықпен» күресуді қолға алатынын мәлімдеді. Бұл науқанды лейборист партиясының беделді мүшесі Маргарет Ходж үйлестірмек. Ол бұған дейін Назарбаевқа жақын бірнеше миллиардердің аты-жөнін атаған «Ходж тізімімен» танымал болған.


Freedom for Eurasia: тек Қазақстан емес

Томас Мэйн бастаған ұйым тек Қазақстанға емес, посткеңестік кеңістіктегі өзге елдерге де назар аударып отыр. 2024 жылы Global Witness пен BBC Әзірбайжанды COP29 саммитіне орай тергеуге алса, 2025 жылы қаңтарда Freedom for Eurasia Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы мен парламент депутаттарына санкция салуға шақырған болатын.