Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Баяжұма Асылбек.Никита Шаталов кім: саяси қайраткер ме, әлде саяси тәжірибесіздік құрбаны ма?

129


Депутат Никита Шаталов ұлттық болмысына  қатысты қайшылықты мәлімдемелерімен қоғам назарын аударды. Алдымен ол өзіне тек «орыспын» деп қысым көрсетіліп жатқанын айтса, кейін «мен қазақпын» деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемелер оның саяси ұстанымынан гөрі, жеке басының сәйкестігі туралы дау-дамайдың өршуіне себеп болды.

Қоғамдық әсіресе этносаралық қатынастарға қатысты болса әр сөзі маңызды . Шаталовтың бастапқы уәжі – өзіне қысым көрсетіліп жатқаны туралы айтқан сөзі – оның этникалық шығу тегін саясатқа араластыруына әкеліп соқты. Ал кейінгі «мен қазақпын» деген мәлімдемесі жағдайды одан әрі күрделендірді. Ақпарат құралдарын манипуляция жасады деп айыптау да нәтиже бермеді – мәселені ушықтырған өз сөзі екенін түсінбегендей әсер қалдырды.

Шаталовтың қайшылықты риторикасы тек ұлттық сәйкестікпен шектелмейді. Ол Украинадан КТК мұнай айдау станциясына жасалған шабуыл үшін өтемақы талап етіп, бұл әрекеттің «еш негізі жоқ» деп мәлімдеді. Алайда Қазақстанның геосаяси жағдайын, әсіресе Ресеймен экономикалық және саяси байланысын ескермей, мұндай пікір білдіру саяси тәжірбиесіздіктің белгісі болса керек.

Депутаттың қазіргі әрекеттері саяси салмақтылықтан гөрі, эмоцияға құрылған мәлімдемелерге көбірек ұқсайды. Ол нақты мәселелерді шешуге емес, әлеуметтік желідегі пікірталастарға тартылуға бейім сияқты. Саясаткерге қойылатын басты талап – ойланып сөйлеу және әр сөзінің салдарын болжай білу.

Шаталовтың болашағы оның қаншалықты тез саяси тәжірбие  жинауына  байланысты. Егер ол жауапкершілік пен ұстамдылықты меңгерсе, шынайы саясаткерге айналуы мүмкін. Әйтпесе, ол қысқа мерзімдік ақпараттық шу тудырған кезекті тұлғалардың бірі болып қала береді.