Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Бергей Рысқалиевті Бұлғарияның азаматтары аңдуда дейді,- BBC

82

Қазақстандық құқық қорғау органдарынан жасырынған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті аңду және Лондонда Қазақстан елшілігінің алдында арандатушылық акция ұйымдастыру жоспары Ұлыбританияда сотқа тартылған Болгария азаматтарына тағылуда, деп хабарлайды BBC-дің орыс қызметі.

«Олардың әрекеті Ұлыбританияға қашып барып, саяси баспана алған қазақстандық саясаткер Бергей Рысқалиевке қатысты болды. Айыптаушы тараптың мәліметінше, күдіктілер бұл әрекеттерімен Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтуға тырысқан. Қазақстан билігі үшін өз қарсыласын қудалау тиімді болуы мүмкін еді. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілердің төртінші операциясы Қазақстанның Лондондағы елшілігіне бағытталған. Олар 2022 жылдың қыркүйегінде «жалған наразылық акциясын» ұйымдастырып, кейін оның «ұйымдастырушылары» туралы ақпаратты Қазақстан билігіне беруді жоспарлаған. Прокурорлардың пікірінше, бұл да Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған», – делінген хабарламада.

Лондондағы Орталық қылмыстық сотта (Олд-Бейли) Ресей арнайы қызметтерінің тапсырмасы бойынша тыңшылық жасады деп күдікке ілінген Болгария азаматтарының ісі қаралуда.

Бейсенбі күні белгілі болғандай, прокурорлар бұл адамдардың Германиядағы америкалық әскери базаны аңдымақ болғанын, сондай-ақ Ресей билігінің қарсыластарына, соның ішінде журналистер Христо Грозев пен Роман Доброхотовқа бақылау ұйымдастыруға тырысқанын мәлімдеді.

Аталған іске Болгарияның бес азаматы тартылған: Орлин Русев, Бизер Джамбазов, Катрин Иванова, Ваня Габерова және Тихомир Иванчев.

Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп таныды. Ол 2013 жылы халықаралық іздеуге жарияланған. 2019 жылы қазақстандық сот оны сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырды.

Фото дереккөзі: Ашық дереккөздерден алынған фото.