Бесағаш тұрғындары Президент пен Премьерге үндеу жасады: Іле-Алатауы қорық аймағында заңсыз жұмыс жүріп жатыр

12

Munarmedia.kz 04.12.2025 /Астана/ Алматы облысындағы Бесагаш ауылының тұрғындары Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне тиесілі қорғау аймағында заңсыз жүргізіліп жатқан жер жұмыстарына алаңдаулы. Олар Президент пен Премьер-министрге ашық хат жолдап, жағдайды шұғыл тексеруді сұрады.

Жергілікті халықтың айтуынша, мақсатты пайдаланылуы «КХ — жайылым» деп көрсетілген жердің иесі шамамен 5 гектар аумақтағы құнарлы топырақ қабатын сыпырып тастаған. Бұл әрекет бейнежазбаларда анық көрінеді.

Тұрғындар бірнеше маңызды жайтқа назар аударады:

  • Жер иесі мен мердігерлерде ешқандай рұқсат құжаттары жоқ.
    Ал нысан селеопасная аймақта орналасқандықтан, кез келген күрделі араласу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

  • Бұған дейін халық жиналысы өтіп, акимат заң бұзушылықтарды 2026 жылдың сәуіріне дейін жою жөнінде нұсқама берген.
    Соған қарамастан, жұмыстар 2025 жылдың қараша айында қайта басталып, бұрынғыдан да ауқымды жүргізіліп жатыр.

  • Жер иесі өткен жылы бюджет қаражатына салынған еріген қар суын бұру каналының көзін жойған.
    Бұл ауылды су басу қаупін күшейтеді, ал табиғи тепе-теңдікке нұқсан келтіреді.

«Әлбетте, жер иесі өте ықпалды адам сияқты», — дейді ауыл тұрғындары. Себебі оларға жауапты мемлекеттік органдар да, полиция да өтініштерге мардымсыз реакция білдіріп отыр.

Бесагаштықтар мәселе ушықпай тұрғанда жоғары билік араласып, заңсыздыққа тоқтау салынатынына үмітті.