Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

BI Group, Bazis-A және 16 млрд: салық схемаларының сыры ашылды

96


Құрылыс гиганттары – BI Group пен Bazis-A компаниялары табысын төмендетіп көрсеткені үшін Мемкірістер комитетінің назарына іліккенін кеше жазғанбыз.

Қаржы министрлігі таратқан дерек бойынша, екі компания 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 16,5 миллиард теңгеге табысын әдейі жасырып, арнайы салық режимдерін қолдану арқылы төлемдерін азайтып келген.

Министрлік мәліметінше, BI Group табысын 11,9 млрд теңгеге, ал Bazis-A компаниясы 4,6 млрд теңгеге кемітіп көрсеткен. 

Қазір екі құрылыс компаниясына да табысын ерікті түрде қайта есептеп, салық бойынша берешегін толық өтеуге ұсыныс жасалды.

Бектенов үкіметі құрылыс саласындағы ірі ойыншылардың салықтық схемаларына шүйлігіп, бюджет алдындағы міндеттемелерін әділ орындауды талап етуде.