29 желтоқсанда Нью-Йоркте рапид шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық шахматшылар арасынан ең үздік нәтижені әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева көрсетті. Ол турнирді 8-орынмен аяқтап, 7,5 ұпай жинады және бірде-бір партияда жеңілмеді.
Соңғы күні Бибісара армениялық Анна Саркисянды жеңіп, қытайлық Цзюй Вэньцзюнь және моңғолиялық Турмунг Мунхжулмен тең түсті. Әлем чемпионы атағын үнді шахматшысы Хампи Конеру (8,5 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде – Цзюй Вэньцзюньге, ал қола жүлде ресейлік Екатерина Лагноға бұйырды.
Қазақстандық басқа шахматшылардың нәтижелері:
Меруерт Камалиденова – 16-орын
Әмина Қайырбекова – 34-орын
Алуа Нұрман – 72-орын
Әсел Серікбай – 80-орын
Ксения Балабаева – 83-орын
Лия Құрманғалиева – 84-орын
Эльназ Қалияхмет – 86-орын
Зарина Нұрғалиева – 87-орын
Аяулым Қалдарова – 98-орын
Зейнеп Сұлтанбек – 101-орын
Ерлер арасындағы турнирде жүлделі орындардың барлығын ресейлік гроссмейстерлер иеленді. Чемпион атағы 18 жастағы Володар Мурзинге бұйырды. Күміс медаль – Александр Грищукке, ал қола медаль – Ян Непомнящийге берілді.
Қазақстандық ерлер арасында ең үздік нәтиже Ринат Жұмабаевқа тиесілі – ол 62-орынға ие болды. Басқа қатысушылардың орындары төмендегідей:
Алдияр Ансат – 69-орын
Арыстан Исәнжұлов – 87-орын
Қазыбек Ноғербек – 109-орын
Арыстанбек Оразаев – 118-орын
Әлішер Сүлейменов – 129-орын
Марк Смирнов – 133-орын
Эдгар Мамедов – 143-орын
Рамазан Жалмаханов – 171-орын
30 желтоқсанға қараған түні блиц шахмат бойынша ойындар басталады.
📸 Фото: ашық дереккөздер